Жетістіктеріміз » Страница 23 » №15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық «Ғылыми жоба жарысы» байқауы
08
октябрь
2021
Қалалық «Ғылыми жоба жарысы» байқауы
08.10 күні өткізілген қалалық «Ғылыми жоба жарысы» байқауында жүлделі 2 орын, биология жетекшісі-Касейнова К.К, тарих 2 орын, жетекшісі- Сейсекбаев О.Е, физика 3 орын, жекешісі- Ильясова Э.С, математика 3 орын,жетекшісі- Тазабекова А.Н оқушылары иеленді, қазақ тілі-Калиев Н, құқық негіздері-Абишева Г.А, қолданбалы математика-Байгереева А.Ж  оқушылары  мақтау грамотасын алды . Құтты болсын!!! Оқушыларыңыз биіктен көріне берсін!
"Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы" қоғамдық қоры, ҚР БҒМ-мен қол қойылған меморандум негізінде  колледждер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілері мен оқытушыларына, аспиранттар
04
октябрь
2021
"Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы"
"Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы" қоғамдық қоры, ҚР БҒМ-мен қол қойылған меморандум негізінде  колледждер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, мектеп мұғалімдеріне, тәрбиешілері мен оқытушыларына, аспиранттар мен ізденушілерге арналған   "КӨШБАСШЫ - ПЕДАГОГ-2021" портфолио конкурсын өткізді   Ұстаздар күніне арналған VІ ұлттық сыйлық  "БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ-2021"  байқаудың бас жүлдесі - АВТОКӨЛІК   Байқау жеңімпаздарын   ҚР БҒМ, Ы.Алтынсарин
«Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды оқыту» курсы
01
октябрь
2021
«Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі  Суанбекова Гүлжан Турсыновна халықаралық «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді бағалау бойынша сарапшыларды оқыту» курсына қатысып, сертификат иеленіп келді. Курсты профессор  Апостолия Галания ( Афина қаласы) өткізіп,  дәріс берді. Құтты болсын.
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауы
30
сентябрь
2021
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауы
30.09. 2021 жылы «Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында мектеп басшысы Кертаева Лязат Сағатбекқызы бастаған командамыз жүлделі IІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
«Даланың дара ұстазы » атты облыстық байқауы
24
сентябрь
2021
«Даланың дара ұстазы » атты облыстық байқауы
Мектебіміздің 1 "В" сынып оқушысы  Жазайбек Алихан Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  «Даланың дара ұстазы » атты облыстық байқауда Ыбырай атасының балалық шағын сомдап, алғыс хатпен марапатталды.Сынып жетекшісі:  Суюндинова Азиғат Бекжанқызы.
«Жылдың үздік мұғалімі-2021» байқауы
12
май
2021
«Жылдың үздік мұғалімі-2021» байқауы
12.05.21ж  Талдықорған қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  «Жылдың үздік мұғалімі-2021» байқауының қалалық кезеңі өтті.Мектебімізден информатика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Серік Бағлан Дарханұлы қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлап,облысқа жолдама алды!!! Құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін!!
Қалалық  білім бөлімі және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың патриоттық рухын дамыту» тақырыбында пікірсайыс
07
апрель
2021
Қалалық білім бөлімі және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Jas
Қалалық  білім бөлімі және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың патриоттық рухын дамыту» тақырыбында пікірсайыс ойынына мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мекзам Нұржан белсене қатысып, II орынды иеленді. Құтты болсын!!!
Наурыз мерекесі қарсаңында  17.03 күні  қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай оқулары»
17
март
2021
Наурыз мерекесі қарсаңында 17.03 күні қалалық білім бөлімінің
Сүйінші!!!  Наурыз мерекесі қарсаңында  17.03 күні  қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай оқулары» ZOOM платформасымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталған шараға мектебіміздің  10 сынып оқушысы Мұхитқызы Арайлым «Өлең -сөздің патшасы,сөз сарасы» бағытында қатысып жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алған болатын.19.03 күні облыстық білім басқармасы өткізген «Абай оқуларына» қатысып, 2 орынды қанжығасына байлады.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы -Жамбыл» атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп оқу
15
март
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы -Жамбыл» атты
15.03 күні Талдықорған қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қазақтың халық ақыны, жыр дүлділі,айтыс өнерінің майталманы, қазақ поэзиясының алыбы, жыршы -жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы -Жамбыл» атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп,жатқа оқу байқауында мектебіміздің  6 сынып оқушысы Резникова Милана үздіктердің қатарынан көрініп дипломмен марапатталып, ынталандыру сыйлықты еншісіне байлады. Жетекшісі  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
онлайн фарматта "Құймақ" мерекесі
12
март
2021
онлайн фарматта "Құймақ" мерекесі
Ағымдағы жылдың наурыз  айында  мектеп оқушылары  онлайн фарматта "Құймақ" мерекесіне қатысып, жүлделі орындарға ие болып, " Достық үйінен" сыйлықтар алды.   Іс-шараға мектеп оқушылары мен ата-аналары тартылды.