“Жас мамандар мектебінің” жетекшісі Суюндинова А.Б жас мамандармен
Ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні “Жас мамандар мектебінің” жетекшісі Суюндинова А.Б жас мамандармен кезекті №2 отырысын өткізді. Мақсаты: Жас мамандардың I тоқсан бойынша атқарылған жұмыстарына шолу жасау,кездескен қиындықтардан шығу жолын қарастыру, тәжірибе алмасу. Жалпы тәлімгерлік жұмысы мектеп деңгейінде атқарылып келеді, жас мамандарға тәлімгер болу тәжірибелі оқытушыларға жүктелген. Отырыс барысында сабақ беретін сыныптарындағы білім сапасы, күнделікті сабақ жоспарлары талқыланды.