Біз туралы » Страница 26 » №15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын сақа" олимпиадасынан орын алған оқушыларымыз марапатталды!!!
23
октябрь
2023
"Алтын сақа" олимпиадасынан орын алған оқушыларымыз марапатталды!!!
23.10 күні "Жетісу дарыны" мен "Зерделі ақыл-ой дамыту" мектебінің ұйымдастыруымен 3-4сынып, 5-6сынып оқушылары арасында математика пәнінен мектепішілік "Алтын сақа" олимпиадасынан орын алған оқушыларымыз марапатталды!!! Жарайсыздар👏👏\
"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" республикалық экологиялық сенбілік акциясы өткізілді.
21
октябрь
2023
"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" республикалық экологиялық сенбілік
Ағымдағы жылғы 21 қазан күні Республика күні мерекесіне орай "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" республикалық экологиялық сенбілік акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады. Аталған іс- шараға «№15 орта мектеп» ұжымы толықтай атсалысты. #жаңақазақстан #тазатабиғат #15мектепталдықорған 
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
18
октябрь
2023
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!  Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді.  Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым.  Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми
«Жас маман мен тәлімгерлер» мектебі
13
октябрь
2023
«Жас маман мен тәлімгерлер» мектебі
2023-2024 оқу жылының «Жас маман мен тәлімгерлер» мектебінің алғашқы отырысы болып өтті. Отырыс барысында жас маман құрамы өзара бір-бірімен танысып және Жас мамандар жетекшісі Б.Садықбекова жылдық жоспармен таныстырды.  
"Менің педагогикалық тұлғалық орным" атты психологиялық тренинг өтті.
12
октябрь
2023
"Менің педагогикалық тұлғалық орным" атты психологиялық тренинг өтті.
12.10.2023ж. Оқу әдістемелік жоспарға сәйкес Мектеп психологтары А. Бостамбекова мен А. Тасқынның ұйымдастыруымен мектебіміздің жас мамандарына "Менің педагогикалық тұлғалық орным" атты психологиялық тренинг өтті.Мақсаты:жас мамандарға кәсіби орнығуға , бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына, әдеп нормалары бағытында кеңес , көмек беру  
Мектепішілік олимпиада!!!
12
октябрь
2023
Мектепішілік олимпиада!!!
Мектепішілік олимпиада!!! 12.10.2023ж. 5-6 сынып оқушылардың пәндік құзіреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мектепішілік олимпиада өткізілді.  
9,11 сыныптың «Алтын белгі»,  «Үздік» аттестат алуға үміткер
10
октябрь
2023
9,11 сыныптың «Алтын белгі», «Үздік» аттестат алуға үміткер
Талдықорған қаласы  №15 орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында  9,11 сыныптың «Алтын белгі»,  «Үздік»  аттестат алуға  үміткер оқушылармен «Онлайн» платформасы арқылы  әр аптаның сейсенбі күні оқушылардан сынама  тест ұйымдастырылып,  пән мұғалімдері тест нәтижесі бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлттық домбыра күні
03
октябрь
2023
Ұлттық домбыра күні
Барлық уақытта қазақ халқының жан серігі домбыра болды. Домбыра ең көп таралған музыкалық аспаптардың бірі. Шара Ұлттық домбыра күніне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақтың ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында көрме ұйымдастырылып, домбырамен патриоттық ән, күй шырқалып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
“Сенімділік - күш береді атты” психологиялық тренинг
03
октябрь
2023
“Сенімділік - күш береді атты” психологиялық тренинг
Пиза тапсыратын оқушылардың сенімділігін, мінез -құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру мақсатында “Сенімділік - күш береді атты” психологиялық тренинг ұйымдастырылды.  
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
01
октябрь
2023
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз! Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз! Мереке қарсаңында