Ақпарат » Страница 95 » №15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен және менің телефоным», «Интернет – зависимость!» атты тренинг
20
апрель
2018
«Мен және менің телефоным», «Интернет – зависимость!» атты тренинг
       № 15 орта мектебінде «Қауіпсіз желі» атты апталық іс шара өтуде. 2018 жылдың 20 сәуір күні мектептің педагог-психологтары «Мен және менің телефоным», «Интернет – зависимость!» атты тренинг өткізді. Трененгке 6-7 сыныптар арасында 110 оқушы қатысты. Тренингтің мақсаты оқушыларға телефонның және интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.                
Дұрыс тамақтану
18
апрель
2018
Дұрыс тамақтану
       2018 жылдың 12 сәуір күні № 15 орта мектебінде Алматы облысының «Салауатты өмір салтының проблемаларын қалыптастыру орталығының» маманы, І.Жансугуров атындағы педагогикалық университеттің аға оқытушысы М.А.Сыдыкбекова мен СӨСПҚО маманы А.А.Шарипбаеваның  қатысуымен  6 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбына арналған семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингтің мақсаты  балалар ағзасының дамуына толық психикалық, физикалық, эмоциялық дамуына
«Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық» атты коучинг
07
апрель
2018
«Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық» атты коучинг
         07 сәуір 2018 жылы № 15 орта мектебінің математика пән мұғалімі Тельман Еркежан «Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық» атты коучинг өткізді. Мақсаты: Оқытуды басқару және көшбасшылық туралы түсінік беру, іс тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау, оқытудың интербелсендң әдістері арқылы қатысушылардың кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, көшбасшылық қаситтерін дамыту.        
«Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара
07
апрель
2018
«Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз
         07 сәуір 2018 жылы № 15 орта мектебінің ауласында мектеп «Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара өтті.  Мерекеге қала әкімнің орынбасары, қонақтар қатысты. Ұлыстың ұлы күні пісірілетін Наурыз көже таратылып, дастарқан жайылды. Мектеп ауласында оқушылар «Дойбы», «Арқан тартыс» «Асық ату» «Тоғызқұмалақ» ойындарына белсене қатысты.      
«Көктем Аруы» атты қыз сыны
06
апрель
2018
«Көктем Аруы» атты қыз сыны
        6 сәуір 2018 жылы № 15 орта мектебінің акт залында 5 сыныптар арасында «Көктем Аруы» атты қыз сыны өтті. Қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, сайыстарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Қыздарға мадақтама мен номинация бойынша ленталар тағылды. 5 В сынып оқушысы «Көктем Аруы» атағына ие болды.          
«Сарын» өнер байқауы
25
март
2018
«Сарын» өнер байқауы
     Бүлдіршіндер мектеп оқушылары және жасөспірімдер арасында Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған аймақтық «Сарын» өнер байқауында № 15 орта мектебінің 5 В сынып оқушысы Нұрдаулет Амина І орынға ие болды.  
«Комикс» күніне орай ұйымдастырылған ашық есік
25
март
2018
«Комикс» күніне орай ұйымдастырылған ашық есік
     Көктемгі демалыс кезінде мектеп оқушылары 25 наурыз күні 7 сыныптар І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен «Комикс» күніне орай ұйымдастырылған ашық есік күніне барды.    
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара
16
март
2018
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара
        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 16 наурыз күні №15 ОМ "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.          Мектеп спорт залында 8-11 сыныптар арасында концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылса, 1-7 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Мектеп асханасында әр сынып наурыз көже таратып, ұлттық
«Жетісу» телеарнасына «Қош келдің, Наурыз!» бағдарламасына қатысу
14
март
2018
«Жетісу» телеарнасына «Қош келдің, Наурыз!» бағдарламасына қатысу
     14 наурыз күні  мектептің бастауыш сынып мұғалімі Г.Шегебаева оқушылары Ақылбек Айым, Ақжан Құдайберген, Мұхитұлы Заңғар,  Рустамұлы Арнұр, Касенхан Ерасылдармен Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасына «Қош келдің, Наурыз!» бағдарламасына қатысып келді. Бағдарламада облыс көлеміндегі ақын-жазушылар, спортсмендер, айтыскер ақындар, құсбегі, қолөнер иелері және ақсақалдар мен қариялар өз ақыл кеңестерін жас буынға насихаттады.        
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
07
март
2018
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
        Халықаралық әйелдер күніне орай 6 наурыз күні 9 -10 cыныптардың ұлдары үлкен буын сыныптағы қыз оқушыларына құттықтау концерт өткізді. 7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, «Жоғарғы сынып кеңесі» мектепішілік ұйымның мүшелері өзін өзі басқару күнің өткізді.